Елордада вакцинация қарқыны артты

Елордада вакцинация қарқыны артты

               Нұр-Сұлтанда вакцинация қарқыны артты.  Вакцинацияға қарсы көсетілімі жоқ, барлық жас санаттағы тұрғындар КВИ-ге қарсы вакцинацияға келуде. Олардың арасында жүкті және бала емізетін әйелдер, 12-17 жас (қоса алғанда) аралығындағы жасөспірімдер бар.

               Қазіргі уақытта вакцинацияның күнделікті қарқыны өткен айлармен салыстырғанда 0,10% - дан 0,34% - ға дейін артты, тәулігіне 1 200 - 1 500 адам егіледі. Мәселен, соңғы үш күнде егілгендер саны - 3 923 құрады, бұл өткен апталармен салыстырғанда (3 441) 14% - ға артық.

               Комирнати препаратымен вакцинациялау басталғаннан бері осы вакцинаның бірінші компонентін тиісті контингенттен 1 472 адам алды, оның ішінде 903 жасөспірім және 43 жүкті әйел, 526 лактация кезеңіндегі  әйелдер.

               Осылайша, елордада вакцинаның алғашқы дозасымен вакцинацияланған халықтың саны 461 мың адамнан асты.

               Қазіргі уақытта азаматтардың таңдауына екпенің келесі түрлері ұсынылады: ресейлік «Спутник», отандық QazVac вакцинасы және қытайлық Sinofarm Verocell препараты. Жүкті, бала емізетін, 12-17 жас (қоса алғанда) аралығындағы жасөспірімдер үшін америкалық Комирнати препараты бар.