Карантин талаптарын сақтау бойынша бұзушылықтарды анықтау жалғасуда

Карантин талаптарын сақтау бойынша бұзушылықтарды анықтау жалғасуда

               Қазақстан Республикасында 8-15 қараша аралығында 5 642 рейдтік тексеру жүргізілді, нәтижесінде карантиндік шараларды бұзудың 257 дерегі анықталып, сотқа 2 материал жолданды.

               Карантин талаптарын бұзушылықтар бойынша жүргізілген 7 күндік талдау бизнес құрылымдар тарапынан белгіленген ережелерді сақтаудағы жауапкерілігінің төмендігін көрсетеді, атап айтқанда, тексерілген 16 976 объектіде 257 бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 15,3 млн.теңге айыппұл салынды. Жеке тұлғалар бойынша анықталған бұзушылықтарға байланысты 4,1 млн.теңге әкімшілік айыппұл салынды. 7 күндік мерзімде салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 19,4 млн.теңгені құрайды.

              Өңірлер бөлінісінде 8-15 қараша аралығында ең көп тексерулер Нұр-Сұлтан қаласында (2 612) 4 023 нысанға, Шығыс Қазақстан облысында (912) 2 439 объектіге және  Алматы облысында (528) 2 172 нысанға жүргізілді.

              Жыл басынан бері 15 қарашаға дейін мониторингтік топтардың 214 613 рейдтік тексерістерімен 1 094 587 нысан қамтылды. Мониторинг нәтижесінде жыл басынан бері карантиндік режимді бұзған 30 151 объект анықталды, бұл 2,8% - ды құрайды.

              Облыстар мен қалалар бөлінісінде жыл басынан бері бұзушылықтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында (5 692), Түркістан облысында (4 673) және Алматы қаласында (4 470) тіркелді. Лауазымды, заңды және нысанға байланысы бар жеке тұлғаларға қатысты 16 371 әкімшілік айыппұл салынып, барлығы 1 757,5 млн.теңге өндірілді, сондай-ақ, карантин талаптарын сақтамаған жеке тұлғалардан 492,3 млн. теңге айыппұл өндірілді. Жыл басынан бері салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 2,2 млрд.теңгені құрады.