Тұмаудың алдын алу шаралары туралы

Тұмаудың алдын алу шаралары туралы

             Жіті респираторлы вирустық жұқпалар (ЖРВЖ) адам денсаулығына және елдің экономикасына да зардабын тигізерін дерт болып табылады. ЖРВЖ-дың ішінде ең зұлымы тұмау болып табылады.  

             Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде жыл сайын 3 – 5 млн. адам тұмау аурушаңдылығына шалдығып, оның 250-500 мың жағдайы өлім жағдайымен аяқталады.

            Тұмау – жасы мен жынысына қарамастан барлық адамдарды зақымдайтын қауіпті вирусты жұқпалы ауру.  Тұмау ауруының қоздырғышы вирус болып табылады. Дәрігерлер тұмаудың вирусын тұрақсыз өзгермелі дейді. Расында да, өзгермелігінде тұмауға тең келетіні жоқ. Әрбір екі-үш жыл сайын тұмау вирусының құрлымы өзгеріп отырады. 10-12 жыл сайын вирустың жаңа түрлері пайда болып, олар алдыңғы түрлерінен өзгеше болып келеді.  

           Тұмау ауруының жұғу көзі - тұмаумен ауырған  адам болып табылады. Науқас адам  түкіргенде немесе жөтелгенде және түшкіргенде  сау адамға жұғу қаупі жоғары.

           Тұмау ауруының алғашқы кезеңі өте жедел басталады. Жасырын инкубация мезгілі екі-үш күнге созылып, кейін мына клиникалық белгілер пайда болады: әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, бұлшықеттерінің ауруы.

           Тұмау вирусының қауіптілігі организмдегі созылмалы жүрек, өкпе, жүйке, жүрек-тамыр жүйесіндегі ауруларды асқындыруы болып табылады.

           Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша тұмау ауруының алдын алу шарасы – екпемен егілу.

           Атырау облысында 2021 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 16 қараша айы аралығында тұмауға қарсы 65 449 адам егілді, егілгендердің үлес салмағы облыс халқының жалпы санының 9,9% - ын құрады. Оның ішінде ақысыз негізде 63 274 адам, ақылы негізде 47 адам, жұмыс беруші есебінен 2 128 адам екпемен қамтылған. Вакцинациялаудан кейін қолайсыз реакциялар тіркелген жоқ.

           Биылғы тұмаудың жаңа эпидемиялық маусымына жергілікті бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинасының 65000 дозасы сатып алынды.