Алматы облысының мониторингтік топтары жұмысын жалғастыруда

Алматы облысының мониторингтік топтары жұмысын жалғастыруда

              Алматы облысының аумағында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин кезінде қызметін жүзеге асыратын объектілердің санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау жөнінде мемлекеттік қызметкерлер және жеке ұйымдардың бірлестіктері жұмыс істейді.

             268 мониторингтік топтың құрамына жергілікті атқарушы органдар, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Алматы облыстық филиалы, құқық қорғау органдары  және БАҚ өкілдері кіреді.

              01 қаңтар мен 13 қараша аралығында мониторингтік топтардың мүшелері 34 мыңнан астам рейдпен, 175 мыңнан астам объектілерді қамтыды және 1 449 карантиндік режимді бұзу фактісін анықтады. Барлық нысан басшылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер жасалды.

              Мониторингтік топ мүшелері берген материалдар бойынша 840 объектіге 92 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілері мен ойын-сауық мекемелеріне 273 хаттама толтырылды. Жеке тұлғаларға 616 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салынып 9 материал сот органдарына берілді.

             Бүгінгі күні Алматы облысында кәсіпкерлік нысандарда карантиндік талаптарды қайта бұзудың 31 фактісі анықталды. Нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК – нің 425-бабының 1-тармағы бойынша 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 15-і жеке кәсіпкерлер және 13-і жеке тұлғалар. Айыппұлдардың жалпы сомасы 6 513 925 теңгені құрайды.

              Карантин режимінің негізгі талаптары - кафелер мен мейрамханаларда ұжымдық іс-шаралар өткізбеу, жұмыс режимін бұзбау, персоналда жеке қорғаныс құралдарының болуы, әлеуметтік қашықтық пен дезинфекциялық режимнің сақталуы болып саналады.

              Тексеру нәтижелері бойынша Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-тармағы бойынша 7 материалды Еңбекшіқазақ ауданының экономикалық мамандандырылған сотының қарауына берді. 7 шешім қабылданды, соның ішінде бірнеше қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін тоқтата тұру туралы 3 шешім қабылданды.