Атырау облысы бойынша коронавирустық инфекциясына байланысты 08.11.2021 жылға эпидемиологиялық ахуал туралы

Атырау облысы бойынша коронавирустық инфекциясына байланысты 08.11.2021 жылға эпидемиологиялық ахуал туралы

             2020 жылдың 28 наурыз - 2021 жылдың  08 қараша аралығында облыс бойынша коронавирустық инфекциясының (COVID-19) 51 613 жағдай тіркелді (оның ішінде  24 778  жағдай (48%) симптомды және 26 835 (52%) симптомсыз), 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші 7819,4 құрады.

            14 жасқа дейінгі балалар арасында 5433 жағдай (10,5%), жасөспірімдер арасында – 1515 жағдай (2,9%).

            Сауығып шыққан адамдар саны - 50 568 (98,0%).

            Атырау облысында 2021 жылы 1-ші қаңтары мен 8 қараша аралығында коронавирустық инфекцияның 38 069 жағдайы тіркелді.

            2021 жылдың 8 қараша күніне коронавирус жұқпасының 9 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 1,4 құрады. Оның ішінде симптомды – 5 жағдай (55,5%), симптомсыз – 4 жағдай (44,5%).

           Атырау облысы аумағында 2021 жылдың 2 – 8 қараша аралығында коронавирустық инфекциясының расталған 121 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 18,3 құрады. Өткен аптаның осы кезеңімен (26 қазан – 1 қараша аралығында) салыстырғанда облыста аурушылық 1,3 есе төмендеп отыр (163 жағдайдан  121 жағдайға).

 Тіркелген жағдайлардың (121) анықталуы бойынша:

- аурудың клиникалық белгілеріне шағымданып, медициналық көмекке жүгіну кезінде анықталғандар – 61% (72),

- науқас адамдармен жақын қарым-қатынаста болғандар – 20,5% (25),

- профилактикалық мақсатта тексерілу кезінде анықталғандар –13,2% (17).

- медициналық скринингтік (ауруханаға жату алдында) тексерілу кезінде анықталғандар – 5,1% (7).