
1 қаңтар мен 08 қараша аралығында ҚР ДСМ өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменттері мониторингтік топтармен бірлесіп 208 478 рейд жүргізді. Тексерулермен барлығы 1 075 096 нысан қамтылды. Жалпы санынан 29 849 нысан бұзушылықтармен жұмыс істеді (2,8%).
ШҚО (5 642), Түркістан облысында (4 660), Алматы қаласында (4 382), Шымкент қаласында (2 661), Қарағанды өңірінде (1 844) және Нұр-Сұлтан қаласында (2 933) карантиндік шараларға қатысты көптеген кемшіліктер анықталды.
Негізгі бұзушылардың ішінде карантин кезінде келушілерге рұқсат берген шағын және орта бизнес субъектілері жұмыстың уақыт режимін сақтамады, кафелер мен мейрамханаларда түрлі бұқаралық іс-шаралар заңсыз өткізілді, қонақтар мен қызметкерлер қарапайым санитарлық ережелерді елемеді.
4 304 жоспардан тыс тексеру жүргізілд. Олардың нәтижесінде, өңірлік Департаменттердің қызметкерлері 3 977 ұйғарым берді, 426 материал сотқа берді, 119 нысанның қызметін тоқтатты.
Карантин кезеңінде шектеу шараларын бұзғаны үшін 26 703 шағын және орта бизнес субъектілері жауапкершілікке тартылды. 16 191 заңды және 10 512 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Құқық бұзушылар тарапынан төленуге жататын санкциялардың жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден асады.