
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің қызметкерлері «Қарасу», «Қордай», «Аухатты», «Сартөбе», «Айша бибі», «Сыпатай батыр» Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін 6 автомобиль өткізу пункттерінде шетелден келген тұлғаларға мониторинг жүргізуде.
Ағымдағы жылдың басынан барлық өту пункттері арқылы 470 323 адам өтті, оның ішінде 273 896 жаяу жүргінші, 196 427 жүк көлігінің жүргізушілері.
Теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасының болмауына және вакцинацияның болмауына байланысты Қазақстан Республикасының 9 703 азаматы 2 күндік карантинге жатқызылды, 34 971 жүргізуші постта COVID-19 -ға тексерілді , 47 адамның оң нәтижелері анықталған. Теріс ПТР тесті немесе вакцинация паспорты жоқ 6 862 шетел азаматтары шекара арқылы кіруге жіберілмеді.
Соңғы тәулікте шекарадан 2 684 адам өтті, оның ішінде 2148–жаяу жүргінші және 536-жүргізуші. 10 шетел азаматтары шекара арқылы кіруге жіберілмеді, 29 адам карантинге жатқызылып, бекеттерде 38 адам ПТР әдісімен тексерілді.