Жамбыл облысында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жамбыл облысында коронавирус  бойынша эпидемиологиялық жағдай

              Эпидемиологиялық бағалау матрицасына сәйкес қазіргі уақытта Жамбыл облысының аумағы жасыл аймақта орналасқан. Аурудың төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалады. Күніне орта есеппен аурудың 18-20 жағдайы тіркеледі.

              Ағымдағы жылдың 5 қарашадағы жағдайы бойынша Жамбыл облысы халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының 16 020 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдық ағымы бар 13 044 науқас, симптомсыз ағымы бар 2 976 науқас. Пандемия басталғаннан бері барлығы 21 027 жағдай тіркелген.

              30 қазан мен 5 қараша аралығында облыста COVID –19-дың 110 жағдайы тіркелді, ал 23-30 қазан аралығында 182 жағдайы тіркелді.

              Жамбыл облысының вирусологиялық зертханасы соңғы тәулікте 2 005 ПТР тест өткізді, жалпы өңірде 586 149 зерттеу жүргізілді.

              Тәулігіне 19 ошақ тіркелді, оның ішінде 16 үй, 3 жұмысшы. Байланыста болған 40 адам анықталды.

              2021 жылғы 1 қаңтардан бастап клиникамен өз бетінше жүгінген кезде анықталған науқастардың үлес салмағы 12 221 немесе 76,1%, эпидкөрсеткіштер бойынша (бұрын анықталған науқастармен жақын контактіде болғандар) 2 137 науқас (13,3%), профилактикалық мақсатта – 1 662 науқас (10,5%).

             Сондай-ақ, облыс тұрғындары арасында тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 290 876 053 теңге бөлініп, 296 173 доза вакцина сатып алынды. Облыс бойынша бүгінгі күні тұмауға қарсы 255 336 адам егілді, бұл облыс халқының 22,4% құрайды. Иммундаумен балалар мен ересектер, созылмалы аурулармен ауыратын науқастар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, сондай-ақ қарттар үйі мен балалар үйінің қамқорлығындағы адамдар қамтылған.