
2021 жылғы 5 қарашадағы сағат 9.00 дегі жағдайға сәйкес, Павлодар облысында коронавирусты жұқтырудың 52 577 жағдайы тіркелді, симптоммен – 43 135 жағдай, симптомсыз – 9 442 жағдай. Ауырғандардың жалпы санынан 28 826 немесе 54,8 % Павлодар қаласының тұрғындары.
Соңғы тәулік ішінде Павлодар облысында коронавирусты жұқтырудың 143 жағдайы тіркелді, соның ішінде Павлодар қаласында - 77 жағдай, Екібастұзда – 20, Ақсу қаласында – 20.
Сырқаттанғандардың ішінде 296 жағдай басқа өңірлерден әкелінген. Сырқаттану 40 123 ошақта тіркелді, оның деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 6 990,0 құрады.
COVID-19 дың 12 180 жағдайы немесе 23,2 % байланысқа түскен адамдар арасында тіркелді, 36 096 жағдай немесе 68,6% медициналық ұйымдарға медициналық көмекке жүгінген ЖРВИ және пневмониямен ауыратын тұрғындар арасында тіркелді, ал 4 005 жағдай немесе 7,6 % профилактикалық тексеруден өткен кезде анықталды.
Эпидемиологтардың бағалауынша, облыста COVID-19 бойынша жағдай тұрақсыз болып отыр. КВИ апталық өсімі қазанның 18 мен 24 аралығында 2,8 %, ал 25-31 қазан аралығында – 3,09% құрады.
Облыстың вирусологиялық зертханалары 799 436 ПТР-тест өткізді, соның ішінде соңғы тәулікте 2 211 тест жасалды.