
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының және Internet – ProMed торынан 2021 жылғы 31 қазан айының мәліметтері бойынша аса қауіпті инфекциялар мен қайта пайда болған инфекциялар бойынша әлемдегі эпидемиологиялық жағдайы қауырт болуда.
Оба ауруымен әлемде 163 адам сырқаттанған, 30 адам қайтыс болды. Оның ішінде: (Конго Демократиялық Республикасы – 118 жағдай, оның 23 қайтыс болды), (Мадагаскар – 41 жағдай, оның 6-уы қайтыс болды), АҚШ-та 3 жағдай, оның 1-уі қайтыс болды. Қытайда 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Тырысқақпен әлемде – 118 809 адам сырқаттанып, олардың 3 540 қайтыс болған. Оның ішінде: Африка аймағының 10 елінде (Мозамбик – 3983 жағдай, оның 8 қайтыс болған), (Нигерия - 90 890 жағдайы тіркеліп, 3208 адам қайтыс болды), (Конго Демократиялық Республикасы – 5 424 жағдай, оның 105 қайтыс болған), (Камерун – 16 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Эфиопия – 1758 жағдай тіркеліп, 15 қайтыс болды), (Кения – 36 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Нигер – 5 383 жағдай, 156 қайтыс болды), (Буркина-Фасо – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Мали – 11 жағдай, 4 адам қайтыс болды), (Бенин – 133 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Оңтүстік-Шығыс Азияның 2 елінде (Үндістан – 1307 жағдай, оның 9 қайтыс болған), (Непал – 885 жағдай, 3 адам қайтыс болды); Шығыс Жерорта теңізі аймағының 3 елінде (БАӘ - 3 жағдай, өліммен аяқталған жоқ, Бангладештен әкелінген), (Йемен – 5120 жағдай, оның 3 қайтыс болған), (Сомали – 3858 жағдай тіркеліп, 27 адам қайтыс болды).
Күйдіргі ауруымен әлемде 377 адам сырқаттанған, 6 адам қайтыс болды. Оның ішінде: Африка аймағының 4 елінде (Кения – 6 жағдай, оның 1-уі қайтыс болды), (Уганда - 15 жағдай, оның 1-уі қайтыс болды), (Буркина-Фасо – 8 жағдай, оның 2 қайтыс болды), (Зимбабве – 122 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Еуропа аймағының 6 елінде (Испания – 2 жағдай, өлімен аяқталған жоқ), (Ресей – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Болгария – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Армения – 8 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Қазақстан – 25 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Қырғызстан – 15 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Батыс Тынық мұхиты аймағында: Қытайда – 162 жағдай, 2-уі өліммен аяқталды. Оңтүстік-Шығыс Азияның 2 елінде (Индонезия – 6 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Үндістан – 5 жағдай, оның 1-уі қайтыс болған); Шығыс Жерорта теңізі аймағында: Иракта 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Туляремия: әлемде 7 жағдай тіркелген, Еуропа аймағының 2 мемлекеттерінде (Украина – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Испания – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Батыс Тынық мұхиты аймағында: Тайваньда – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Қырым-Конго геморрагиялық қызбасымен әлемде – 316 адам сырқаттанып, олардың 16 қайтыс болған. Оның ішінде, Шығыс Жерорта теңізі аймағының 2 елінде: (Пәкістан – 6 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Ирак – 2 жағдай, екеуі де қайтыс болды); Еуропа аймағының 5 елінде (Испания - 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Ресей – 41 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Түркия – 243 жағдай, оның 13 қайтыс болды), (Грузия – 1 жағдай, өліммен аяқталды), (Қазақстан – 19 жағдай, өліммен аяқталған жоқ). Африка аймағында: Уганда – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ;
Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасы ауруының 240 жағдайы Рессейде тіркеліп, өліммен аяқталғаны жоқ.
Эбола қызбасымен әлемде – 35 адам сырқаттанып, олардың 14 қайтыс болды. Оның ішінде: Африка аймағының 3 елінде (Конго Демократиялық Республикасы – 18 жағдай, оның 9 қайтыс болған), (Гвинея –16 жағдай, оның 5 қайтыс болған), (Кот-д’Ивуар – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ).
Ласса қызбасы Африка аймағының 4 елінде - 422 адамның сырқаттануы тіркеліп, 104 адам қайтыс болған. Оның ішінде: Нигерия – 386 жағдай, 78 адам қайтыс болған, Либерия – 14 жағдай, 10 адам қайтыс болған, Гвинея – 8 жағдай, 7 адам қайтыс болған, Сьерра-Леоне – 14 жағдай, 9 адам қайтыс болған.
Денге қызбасымен әлемде – 1 205 836 адам сырқаттанып, олардың 485 қайтыс болған. Оның ішінде, Америка аймағының елдерінде 1 064 002 жағдай тіркеліп, олардың 307 қайтыс болды. Батыс Тынық мұхиты аймағында 138 801 жағдай тіркеліп, олардың 171 қайтыс болды. Африка аймағында 1214 жағдай тіркеліп, олардың 2-уі қайтыс болды. Еуропа аймағының ішінде, Ресейде 1 сырттан келген жағдай тіркелген, өліммен аяқталған жоқ. Оңтүстік-Шығыс Азияда: Үндістанда 360 жағдай, өліммен аяқталған жоқ. Шығыс Жерорта теңізі аймағында: Пәкістанда – 1458 жағдай, 5-уі өліммен аяқталды.
Сары қызбамен әлемде - 112 адам сырқаттанып, олардың 28 қайтыс болған. Оның ішінде, Америка аймағының 3 елінде: (Бразилия – 17 жағдай, 4 адам қайтыс болды), (Венесуэла – 7 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Перу – 14 жағдай, 7 адам қайтыс болды); Африка аймағының 6 елінде (Сенегал – 8 жағдай, барлығы өліммен аяқталды), (Конго Демократиялық Республикасы – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Нигерия – 39 жағдай, 2 адам қайтыс болды), (Камерун – 19 жағдай, 7 адам қайтыс болды), (Орталық Африка Республикасы – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Кот-д'Ивуар – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ).
Хантавируспен әлемде 27 адам сырқаттанып, олардың 3 қайтыс болған. Оның ішінде: Америка аймағының 4 елінде (АҚШ – 4 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Аргентина – 5 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Чили – 4 жағдай, 2 адам қайтыс болды), (Панама – 6 жағдай, 1 адам қайтыс болды), Батыс Тынық мұхиты аймағының 1 елінде: Қытайда 8 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Кьясанур орман ауруының 1 жағдайы Үндістанда тіркеліп, өліммен аяқталған жоқ.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының әлем бойынша (2020 жылды қоса алғанда) 246 389 562 жағдайы тіркеліп, 4758460 адамдар қайтыс болды.