Өзіңізді маусымдық респираторлық инфекциялардан және тұмаудан қалай қорғауға болады

Өзіңізді маусымдық респираторлық инфекциялардан және тұмаудан қалай қорғауға болады

              Елордада, сондай-ақ республика бойынша ЖРВИ және тұмау маусымы 1 қазанда басталып, 1 сәуірде аяқталады. Тиісінше, СЭБД қызметтері осы кезеңде күн сайын аурушаңдық деңгейіне мониторинг жүргізеді және тұмау және тұмау емес вирустардың айналымына апта сайын талдау жасайды.

             Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиялық маусымның басынан бері ЖРВИ-дің 18 495 жағдайы тіркелді, аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1561,5 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2781 жағдай) 85,6 %-ға жоғары. Жас құрылымы бойынша ең жоғары аурушаңдық 14 жасқа дейінгі балаларда (62,8%), оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларда, 15,5 % байқалады.

             Аурудың артуы оқу жылының басталуымен байланысты мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында ЖРВИ/тұмау вирусының ұйымдасқан топтарда белсенді таралуын көрсетеді. Аурушаңдық құрылымында – 24% мектеп оқушылары және 20,8% мектепке дейінгі мекемелерге баратын балаларды құрайды.

             Ауыр жіті респираторлық инфекциямен ауруханаға жатқызылғандардың арасында екі науқасқа А/Н3N2 типті тұмау диагнозы қойылды, бұл коронавирустық инфекциямен қатар тұмау вирусының айналымының басталуын білдіреді.

             Санитарлық дәрігерлер тұмау мен COVID-19 - әртүрлі қоздырғыштары бар екі түрлі инфекция екенін еске салады. Сонымен қатар, екі инфекцияның да таралу жолдары (ауа тамшылары) және аурудың ұқсас бастапқы белгілері бар.

             Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұмаудың/ЖРВИ-нің алдын алу мақсатында азаматтарды шектеу шараларын сақтауға шақырады және КВИ бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, тұмауға да, коронавирустық инфекцияға да қарсы вакцинациялауды ұсынады. Сондай-ақ, келесі шараларды сақтауға:

-  адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту;

-  масканы көшеде ғана емес, науқастарға күтім жасағанда да кию;

-  аурудың белгілері бар адамдармен жақын араласудан аулақ болу;

-  «тыныс алу этикеті» ережелерін сақтау (мұрынды, ауызды және көзді қолмен ұстамаңыз, науқастар орамалға немесе бір рет қолданылатын антисептикалық майлықтарға жөтелу және түшкіру керек);

-  қолды сабынмен жуу, спиртпен, дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

-  әлеуметтік қашықтықты сақтау;

-  оксалин жақпасын қолдану және витаминдер қабылдау;

-  жыл сайынғы тұмауға қарсы екпе алу!

Егер сіз ауырып қалсаңыз, асқынулардың алдын алу үшін дер кезінде медициналық көмекке жүгініңіз. Қоршаған орта мен жақындарыңыздың арасында инфекцияның таралу тізбегін үзу үшін барлық сақтық шараларын сақтаңыз! Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының назарына!