
Ақтөбе облысында пандемия басталғалы бері коронавирустық инфекцияның 34 338 жағдайы тіркелді. Осы жылдың басынан бері КВИ-дің 30 648 зертханалық расталған жағдайы анықталды. Оның ішінде: қаңтарда – 265, ақпанда - 313, наурызда – 1 054, сәуірде – 3 909, мамырда – 2 015, маусымда – 776, шілдеде – 4 757, Тамызда – 10 977, қыркүйекте – 5 030, 01-30 қазан аралығында – 1 552 жағдай.
ДСЭК талдауына сәйкес, covid-19-ның өсуі сәуірден басталды, аурушаңдықтың өсуі тамыз айында 10 мыңнан астам жағдай тіркелген кезде байқалды. Соңғы аптада 24-30 қазан аралығында SARS-CoV-2 -ң 279 фактісі тіркелді.
Тіркелген жағдайлардың ішінен:
- ЖРВИ белгілерімен өздігінен жүгінген кезде-80,2 % (224);
- байланыста болған адамдарды тексеру кезінде - 10,3 % (29);
- профилактикалық мақсатта тексеру кезінде 9,3 % (26);
Ақтөбе облысының ДСЭК мамандары инфекцияның ықтимал орындары болуы мүмкін екенін атап өтті:
- сауда үйлері, базарлар, медициналық ұйымдар, қоғамдық тамақтану объектілері, түнгі клубтар, жаппай отбасылық іс-шаралар;
- бұрын ауырған науқастармен үй байланысы;
- қоғамдық көлік;
- республиканың басқа өңірлерінен әкелу.
Шектеу шараларының жеңілдетілгеніне қарамастан, Ақтөбе облысының санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын шектеу карантиндік талаптарын сақтауға және вакцинация алуға шақырады.