
Қарағанды облысында өткен жылдан бастап 2021 жылдың 30 қазанына дейін коронавирустық инфекцияның 103 505 жағдайы тіркелді. 94 597 адам сауықты, бұл 91,4% құрайды. Соңғы тәулікте аурудың 151 фактісі тіркелді.
Вакцинациямен қамту мен карантиндік шаралардың арқасында қыркүйектен бастап эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. Сонымен, қазан айында COVID-19 жаңа жағдайларын тіркеудің төмендеуі 5,5% құрады.
Аурудың негізгі ошағы облыс орталығында - 48,6 %. Жоғары көрсеткіштер Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай және Осакаров аудандарында байқалады.
Жас құрылымында 60 жастан асқан адамдар (23 %), 14 жасқа дейінгі балалар (18 %), 30-39 жастағы адамдар – 16 %. Әлеуметтік-кәсіптік құрылымында зейнеткерлер – 21 %, жұмыс істемейтіндер – 25 %, оқушылар – 12 %, ЖК, ЖШС қызметкерлері - 9,6% басым.
Оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытудың басталуымен оқушылар арасында сырқаттанушылықтың жоғары тіркелуі байқалды. Қабылданып жатқан эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары білім беру ұйымдарындағы жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз етті. Мәселен, егер 11-17 қазан аралығында оқушылар арасында КВИ орташа тәуліктік аурушаңдығы 23 фактіні құраса, соңғы аптада жаңа жағдайлар – 17,7.
Жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша инфекцияның таралуына ықпал ететін факторлар:
- қоғамдық көлікті пайдалану - 18 %;
- ірі сауда объектілеріне бару, СОО – 17 %;
- үй ошағындағы байланыстар - 16,5; %;
- жалпы пайдалану орындарына бару (банктер, пошта, ХҚКО және т. б.) – 15 %;
- жұмыс орны бойынша байланыстар - 6,5;%;
- басқа факторлар - 27%.
COVID-19-дың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында облыста Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына сәйкес шектеу іс-шаралары енгізілді, сондай-ақ шектеу іс-шараларын күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды:
- "ковид-фри" қағидаты бойынша объектілердің жұмысын ұйымдастыру енгізілді, яғни "қызметкерлер мен келушілердің жасыл мәртебесі" болған жағдайда "ASHYQ" жобасына қатысатын объектілердің қызметіне;
- қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" болған кезде "ASHYQ" жобасына қатысатын объектілер үшін 50-ға дейін, 70-тен аспайтын орын толтырылған кезде салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар өткізу;
- банкет залдарының тек ас беру үшін жұмыс істеуі (толуы 30%-дан аспайтын, бір адамға кемінде 4 ш.м. алаңмен қамтамасыз етілген, бірақ 50 адамнан аспайтын) және мейрамханалардың, дәмханалардың типі бойынша келушілерге қызмет көрсетуге (толтырылуы 50%-ға дейін, 60 орыннан аспайтын) рұқсат етілді.
Қарағанды облысының сан - эпид бақылау департаменті азаматтарды вакцинациядан өтуге шақырады, бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді. Екпе жасаңыз және аурудың тізбегін бұзуға өз үлесіңізді қосыңыз!