СҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны өсуде

СҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны өсуде

             Соңғы 2 аптада Солтүстік Қазақстанда КВИ-дің 2 065 жағдайы тіркелді. Осыған дейінгі кезеңмен салыстырғанда, сырқаттанушылықтың 1,4 есе өсуі байқалады (1 535-тен 2 065 жағдайға дейін). Аурудың өсуі облыстың барлық аудандарында байқалады.

             Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, СҚО 02 қазаннан бастап «қызыл» аймақта орналасқан және КВИ көрсеткіштерінің нашарлауы бойынша жақын арада бұл мәртебеден шығуы екіталай.

             Инфекцияның таралу ошақтарын анықтау бойынша облыстың СЭБД эпидемиологиялық тексеру барысында:

- КВИ жағдайларының 42% - ы адамдар көп жиналатын орындарға, оның ішінде сауда, қоғамдық тамақтану объектілеріне, банктер мен ХҚКО-ға барған кезде жұқтырған. 24,3% - да инфекцияны отбасындағы байланыс арқылы, 21% - ы қоғамдық көлікте болғанда жұқтырған. 9% - да жаппай іс-шаралар өткізу кезінде, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша жұқтыру орын алды, 2% - ы жұмыс орны бойынша және 1,7%-ы облыстан тыс және ішкі сапарлар кезінде жұқтырған;

- «Ashyq» жобасын бұзушыларды белсенді тіркеу жалғасуда. Солтүстікқазақстандықтарға 4 416 000 теңге сомасына 108 айыппұл салынды. Мониторингтік топтар қазан айында 945 нысанды қамтумен 160 рейд жүргізді. 1 166 000 теңгеге 20 заңды және жеке тұлға жауапкершілікке тартылды.