Алматы облысында COVID-19 вакцинациясының толық курсын қамту деңгейі 60% -дан асты

Алматы облысында COVID-19 вакцинациясының толық курсын қамту деңгейі 60% -дан асты

             Пандемия басталғаннан бері Алматы облысында КВИ-дің 55 230 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші-2 584,0. Облыстық сырқаттанушылық көрсеткішінің артуы Талдықорған және Текелі қалаларында, Қаратал, Көксу, Балқаш, Ескелді, Ұйғыр, Талғар, Панфилов аудандарында байқалады.

            Соңғы тәулікте өңірде COVID-19-дың 134 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта орналасқан.

            Санитариялық-эпидемиологиялық көрсеткіштерді жақсарту және коронавирустық инфекциясының алдын алуы үшін өңірде халықты вакцинациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Өңір тұрғындары вакцинаны 283 стационарлық егу кабинетінен, сондай-ақ, облыс аудандарындағы 73 жылжымалы пункттерден ала алады. 

            Бүгінгі күні вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 807 396 адамға жетті, бұл 67% - ды құрайды. Толық курстан өткендердің саны – 724 720 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 61%.

            Алматы облысының СЭК басқармасының деректері бойынша, жыл басынан бері аймаққа вакцинаның I компонентінің 905 020 дозасы мен 895 150 ІІ компонент дозасы келіп түскен.

            Қазіргі уақытта облыс тұрғындары вирусқа қарсы вакцинаны үш препарат ішінен таңдай алады, облыста Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), "Qaz Covid-in" және "Sinopharm Vero Cell" қолданылады.