
Алматыда КВИ бойынша жағдай оптимистік болжам бойынша дамуда, күн сайын 231-ден 300-ге дейін жұқтыру жағдайы тіркеледі. Сондықтан сарапшылар аурудың келесі өсуін жоққа шығармайды, өйткені вирус үнемі өзгеруде.
Коронавирус індетін қала тұрғындары көбінесе сауда объектілерінде жұқтырады – 34%, қоғамдық көлікте – 24%, отбасылармен байланыста – 18% және базарларда – 9% -ын құрайды.
Инфекцияның таралу қарқыны бойынша қаланың «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтуіне қарамастан, шектеулер тағы бір апта бойы сақталады. Мегаполисте әуежайларда, ТЖ және автовокзалдарда, сондай-ақ оқу орындарында профилактикалық шараларды күшейту жалғасуда. Бәсеңдеу немесе күшейту мәселелері қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың дамуына байланысты қаралатын болады.
Ресей және Еуропа елдерінен келгендердің бақылауы әлсіремейді. Бүгін мобильді бригадалар әуежайда, теміржол вокзалдарында және автовокзалдарда кезекшілік етеді. Әуежайда халықаралық ұшып келу залдарында дене қызуы бар жолаушыларды анықтау үшін 7 стационарлық байланыссыз тепловизор орнатылған, келгендерге сауалнама жүргізіледі. Тағы бір тепловизор ішкі рейстер залында орналасқан. Бұдан өзге, әуежай «ASHYQ» жобасының қатысушы болып табылады. Нәтижесінде, 21 мамырдан бастап «қызыл» мәртебесі бар 257 және «сары» мәртебесі бар 54 адам анықталды.
Көрші елдердегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты, дәрігерлер алматылықтарды санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтауға және вакцинация қарқынын бәсеңдетпеуге шақырады. 01.02.2021-26.10.2021 жыл аралығында Алматы қаласы бойынша 1-компонентпен- 990 225 адам, 2-компонентпен - 920 012 адам вакцинацияланды. Вакцина алғандардың жалпы санының 120 268-ін 60 жастан асқан қарт кісілерді құрайды.
Өз кезегінде, Алматы қаласы СЭБ Департаменті қала тұрғындарын карантин режимін барынша жауапкершілікпен сақтауға шақырады: адам көп жиналатын орындардан аулақ болу, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау, ойын-сауық мекемелеріне олардың жұмыс режимінен тыс бармау, сондай-ақ вакцина мәселесін кейінге қалдырмау.