Карантин шараларын сақтау мониторингі барысында 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Карантин шараларын сақтау мониторингі барысында 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

               1 қаңтар мен 25 қазан аралығында ҚР ДСМ өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменттері мониторингтік топтармен бірлесіп 198 930 рейд жүргізді. Тексерулермен барлығы 1 042 798 нысан қамтылды. Жалпы санынан 29 215 нысан бұзушылықтармен жұмыс істеді (2,8%).

               ШҚО (5 526), Түркістан облысында (4 628), Алматы қаласында (4 207), Шымкент қаласында (2 583), Қарағанды өңірінде (1 782) және Нұр-Сұлтан қаласында (2 891) карантиндік шараларға қатысты көптеген кемшіліктер анықталды.

                Негізгі бұзушылардың ішінде карантин кезінде келушілерге рұқсат берген шағын және орта бизнес субъектілері жұмыстың уақыт режимін сақтамады, кафелер мен мейрамханаларда түрлі бұқаралық іс-шаралар заңсыз өткізілді, қонақтар мен қызметкерлер қарапайым санитарлық ережелерді елемеді.

                4 218 жоспардан тыс тексеру жүргізілд. Олардың нәтижесінде, өңірлік Департаменттердің қызметкерлері 3 887 ұйғарым берді, 410 материал сотқа берді, 118 нысанның қызметін тоқтатты.

                Карантин кезеңінде шектеу шараларын бұзғаны үшін  26 140 шағын және орта бизнес субъектілері жауапкершілікке тартылды. 15 839 заңды  және 10 301 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Құқық бұзушылар тарапынан төленуге жататын санкциялардың жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асады.