
Шымкент қаласы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтар мен 24 қазан аралығында COVID-19 инфекциясымен 35 663 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен - 27 548, симптомсыз - 8 115. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 6 884 жағдай тіркелген.
Соңғы тәуілікте COVID-19 инфекциясымен 21 жағдай тіркелді, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар арасында 4 жағдай.
СЭҚД жұмысын талдау кезінде анықталғаны, өткен айлармен салыстырғанда эпидемиялогиялық жағдайдың тұрақтанғаны байқалады. Аурушаңдық 33553 ошақтарда тіркеліп отыр, оның ішінде ұйымдастырылған ұжымдарда – 1 631. Тіркелген ошақтарда 80562 қарым-қатынастағылар COVID-19 - ға зертханалық тексерілген, оның ішінде 7907 оң нәтижемен анықталып, 9,8% құрады.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына белгілі бір дәрежеде тұрғындар арасындағы санитариялық-ағарту жұмыстары және вакцинацияның жоғары қарқыны әсер етті. Бүгінгі таңда Шымкентте егілуге жататын халықтың 91,1% қамтылған. Бір тәулік ішінде 1581 адам вакцина алды, оның ішінде I компонентпен - 454, II компонентпен – 1 127. Егу науқаны басталғалы барлығы 542 857 адам екпе қабылдады,оның ішінде 500 473 вакцинаның екі компонентін алғандар.
Тұрғындарды вакцинациялауды ұйымдастыру үшін Шымкент қаласында барлық мемлекеттік жекеменшік емханаларда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін 45 егу бекеті бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеті жұмыс істеуде. Егу жұмыстары демалыс күндері де жүргізіледі.