Нұр-Сұлтан қаласындағы 18 мен 22 қазан аралығындағы эпидемиологиялық жағдай туралы

Нұр-Сұлтан қаласындағы  18 мен  22  қазан аралығындағы эпидемиологиялық жағдай туралы

             Өткен аптада елордада коронавирустық инфекцияны қоспағанда, мамандармен жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп бағаланды.

Есептік кезеңінде тіркелген:       

- жіті ішек инфекцияларының 29 жағдайы, 14 жасқа дейінгілер – 27,  бір жасқа дейінгі балалар арасында - 1, алдыңғы аптамен салыстырғанда 3,4 %-ға төмендеген.

- энтеровирустық инфекция аурушаңдығының деңгейі өткен аптадан 60% төмендеген, осы аптада - 14 жасқа дейінгі балалар арасында 8 жағдай, (өткен аптада- 20 жағдай).

-  ЖРВИ-дің 4 473 жағдайы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 3 005. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,1 %-ға өсті. Тұмау ауруы тіркелген жоқ.

            Қала COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймақта» қалып отыр.

            Соңғы аптада 864 COVID-19 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіштері алдыңғы аптадан 1,4 %–ға төмендеген (1 248 жағдай).

            Қазіргі уақытта белсенді таралу ошақтарының саны – 3 056, оның ішінде: үй – 2 253, ұйымдастырылған- 1 425.  Байланыста болған 4 775 адам амбулаториялық бақылауда. Анықталған инфекция ошақтарында қалалық СЭБД мамандарымен жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді. Ұйымдастырылған ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін 65 қаулы берілді. «Ashyq» бойынша аумақтық Әкімдіктерге және басқада ведомстваларға 27 ақпарат жолданды.

           Вакцинациялау пункттері барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жұмыс істейді, еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар қосымша қаралған. Бұдан басқа, ниет білдірген тұлғалар «Керуен», «Хан Шатыр», «Азия Парк», «Абу Даби Плаза» және «Евразия» СОО орналасқан СОО және т.б. жанындағы 5 уақытша вакцинация пунктінде екпе ала алады. Вакцинацияның уақытша пункттері вакцинацияны қажет ететін көптеген тұрғындарды қамтуға көмектесуде маңызды рөл атқарды.