
22 қазандағы жағдай бойынша Павлодар облысында «Ashyq» жобасына кәсіпкерлік және әлеуметтік маңызы бар 6 781 нысан қатысуда. 79 сауда және мәдени демалыс ұйымдары тест режимінде жұмыс істеп жатыр.
Өкінішке орай, шағын-орта бизнестің барлық өкілдері бірдей орын алған жағдайға байланысты жауапкершілікпен жоба ережелерін орындай бермейді. Соңғы жүктелген мәліметтерге сәйкес, 29 қыркүйек пен 12 қазан аралығында 2,5 мыңға жуық аудсайдерлер анықталды, олардың 467-сі мемлекеттік мекемелер. Сонымен қатар, мониторингтік топтар 108 нысанда бұзушылықтар анықтады. Анықталған фактілерге сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 8 000 000 теңгеден астам сомаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 63 хаттама толтырылды, 2 материал сот қарауына жіберілді.
Санитариялық дәрігерлердің кәсіпкерлермен жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, облыс бойынша пандемия кезеңінде карантин талаптарын үнемі бұзатын «қаскөй бұзушылардың» тізімі анықталды. Рейд аясында шектеу шараларын үнемі бұзатын Павлодарда 2, Екібастұз қаласында 2 нысан анықталды, онда көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізу, уақыт режимін бұза отырып жұмыс істеу орын алған. Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды, 2 000 000 теңгеден астам сомаға 9 айыппұл салынды.
Бұған қоса, тұрғындардың өздері де карантиндік режимді жиі бұзады. «Ashyq» интернет-платформасынан алынған ағымдағы жылдың 22 қазанындағы мәліметтерге қарағанда, Павлодар облысы бойынша «Ашық» жобасына қатысатын 330 нысанға 1 973 адам жіберілмеді. Оның ішінде қызыл мәртебесі бар – 1 375, сары мәртебесі бар – 598 адам. Оның ішінде 254 адам – басқа облыстардың тұрғындары.
Карантин режимін бұзушылармен оқшаулау шарттарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 321 хаттама толтырылып, 14 материал сотқа жіберілді.