Алматы облысында ауыз судың және атмосфералық ауаның сапасына мониторингтің жүргізілуде

Алматы облысында ауыз судың және атмосфералық ауаның сапасына мониторингтің жүргізілуде

             Қоршаған ортаның жай-күйін зерделеу және себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мақсатында Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары 9 ай ішінде атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізді.

             Есептік кезеңде атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг облыстың ірі өнеркәсіптік объектілері, автомагистральдары бар облыстық және Республикалық маңызы бар 7 ауданында жүргізілді. Жалпы Департаменттің бақылауында санитариялық-қорғау аймақтары ұйымдастырылған I, II сыныпты зиянды заттардың шығарындыларымен 20 объект бар.

             9 айда Алматы облысы СЭБД аумақтық бөлімшелерінің мамандары санитариялық-химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 4 222 сынамасын зерттеді, оның ішінде зиянды заттардың шекті рұқсат берілген концентрациясының артуы 227 сынамада (5,3%) анықталды. ШРК асып кетуі Іле, Қарасай, Жамбыл, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында анықталды.

             Бұдан басқа, мониторинг шеңберінде ауыз судың жай-күйіне зертханалық бақылау жүргізілді: микробиологиялық көрсеткіштерге 683 сынама зерттелді, оның ішінде 25 (3,7%) гигиеналық нормативтер мен санитариялық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Осындай ауыз су Алакөл, Сарқан, Кербұлақ, Еңбекшіқазақ аудандарында және Текелі қаласында анықталды. Бұзушылықтарды жою үшін су құбыры желілеріне дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.