Қарағанды облысында «Ashyq» қосымшасының мәліметтері бойынша азаматтар карантин талаптарын бұзуды жалғасуда

Қарағанды облысында «Ashyq» қосымшасының мәліметтері бойынша азаматтар карантин талаптарын бұзуды жалғасуда

             Қарағанды облысында «Ashyq» жобасына 13 495 нысан қатысуда. QR-кодты қоса қолдана бастағаннан бері барлығы 3459 бұзушылар  анықталды, оның ішінде 3173 – «қызыл» және 286 – «сары» мәртебесі бар тұлғалар.  Құқық бұзушылардың ең көп саны Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Сәтбаев қалалары мен Абай ауданына тиесілі.

             10 маусымнан бастап «Ashyq» қосымшасы бойынша «қызыл» мәртебесі бар карантинді бұзушыларға 7 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

             Қарағанды облысының СЭБД айтуынша, «Ashyq» жобасын енгізгеннен кейін ағымдағы жылдың қазан айынан бастап карантинді бұзушылар саны айтарлықтай (тәулігіне 10-нан 20 адамға дейін) азайған.

             «Қарағанды облысындағы карантиндік шараларды кезеңімен жеңілдету туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 07.10.2021 ж. №35 қаулысы талаптарының  бірі «ковид-фри» қағидаты бойынша объектілердің жұмысын ұйымдастыру мәселесі болып табылады, яғни «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметіне  қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар  ПТР тестісі, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда нысанның қызметіне шектеу қойылмайды.

            Осыған байланысты, Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті амбулаториялық емдеудегі және жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға COVID-19 таралуын болдырмау бойынша қарапайым сақтық шараларын сақтауға, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға шаақырады. Ең дұрысы, вакцинациядан өтуге шақырады – бұл өзіңіз және жақындарынызды  COVID-19-дан қорғаудың тиімді және қауіпсіз тәсілі.