Дұрыс тағам – денсаулық кепілі

Дұрыс тағам – денсаулық кепілі

             Тұрғындарды сапалы және қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеттерінің бірі.

             Осы мақсатта Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары ай сайын сауда объектілерінде сатылатын өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді.

             Ағымдағы жылдың 9 айында өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде барлығы 1 893 өнім сынамасы іріктеліп, зерттелді (360 – отандық өндіруші, 1178 – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер, 355 – басқа елдерден). Оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін 93 сынама немесе 4,9% анықталды (отандық өндірушілердің өнімдері – 26, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер – 40, басқа ел өнімдері – 27 сынама).

            Сәйкес келмейтін өнім түрлері: таңбалау бойынша – 79 сынама (84,9%), микробиологиялық көрсеткіштер – 10 сынама (10,6%), физико-химиялық көрсеткіштер – 9 сынама (9,7%), нитрат мөлшері бойынша 3 сынама (2,1%), қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша 2 сынама (2,2%) сәйкес келмеді.

            Тағам өнімдерінің 1 321 сынамасы зерттелді, олардың 76 сынамасы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Негізгі бұзушылықтары: таңбалау қағидаларын бұзуы – 81,6% (62), микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеуі – 13,2% (10), қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі – 2,6% (2), сондай-ақ мәлімделген қасиеттерге немесе физико-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеуі – 7,9% болды.

             Тағам өнімдерінің ішінде балық және балық өнімдері неғұрлым сапасыз екені анықталды, іріктелген 42 сынаманың (отандық өндіріс - 2, ЕАЭО - 35, басқа елдер - 5) ішінде 14-інде өндірушілер таңбалау ережелерін бұзған. Ет өнімдерінің 103 сынамасы зерттелді, олардың ішінде 7 сынама сәйкес келмеді, сүт өнімдерінің 162 сынамасының ішінде 10 сынама сәйкес келмеді, 185 кондитерлік өнімдердің ішінде 8 сынама ТР талаптарына сәйкес келмеді.

             Тағамдық емес өнімдердің ішінде таңбалау талаптары бойынша сәйкессіздіктің ең жоғары үлес салмағы 58,8% балалар ойыншықтарына тиесілі.

             Ағымдағы жылдың 9 айында мониторинг қорытындысы шеңберінде анықталған сәйкессіздік фактілері бойынша 5 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, бұзушылықтарды жою туралы 45 ұйғарым берілді, жалпы сомасы 131 265 теңгеге 3 айыппұл салынды. Сауда орындарында тағамдық өнімнің санитарлық регламенттеріне сәйкес келмейтін 237,85 кг-нан астам сәйкес келмейтін тамақ өнімдері сатудан алынып тасталды.

            ЕАЭО елдері мен басқа да елдердің сәйкес келмейтін өнімдері бойынша Комитетке 32 материал жіберілді. Отандық өндірушілердің мекенжайына сәйкес келмейтін өнімдерді анықтау фактілері туралы тиісті шаралар қабылдау үшін 14 хабарлама жіберілді.

            Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде сәйкестік туралы декларациялардың қолданылуын тоқтата тұру мәселесін шешу үшін Алматы қаласы, Ақтөбе және Қостанай облыстарының техникалық реттеу және метрология департаменттеріне 18 материал жолданды.

            ТРМД жіберілген материалдардың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Қаулысымен тағам өнімдерін өндіретін кондитерлік цехтың қызметі бір ай мерзімге тоқтатылды. Ойыншықтар бойынша 3 сертификаттың қолданылуы тоқтатылды.

             Кәсіпкерлік субъектілеріне 6 468 447 теңге сомасына 6 айыппұл салынды.