
17 қазанда ҚР ҰҚК-нің шекаралас автомобиль жолдарындағы шекаралық бақылау бекеттері арқылы 963 адам өткен. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік шекара бойында 3 халықаралық өткізу пункті жұмыс істейді: Жаңа жол – 410 адам, Қарақоға – 418 адам, Бидайық – 135 адам. Оның ішінде ПТР анықтамасымен жаяу жолаушылар саны 632 адамды құрады. Анықтамасыз келген 5 ҚР азаматы карантиндік стационарларға орналастырылып, ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленген.
2020 жылғы 6 қазан мен 2021 жылғы 17 қазан аралығында шекаралас автомобиль жолдарындағы ҰҚК-нің шекаралық бақылау бекеттері арқылы 278 947 адам өткен. Оның ішінде жаяу жолаушы – 145 173 адамда ПТР-тестілеудің анықтамалары болған, 5 606 ҚР азаматтары анықтамасыз келді және COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды.
Осы кезеңде COVID-19-ға оң нәтижемен 315 адам анықталды, оның ішінде 41 адам инфекциялық стационарға орналастырылды және 274 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Сонымен қатар, 1518 шетелдік азаматқа COVID-19 ПТР тестілеу туралы анықтаманың болмауына байланысты кіруге тыйым салынды. Келгендердің арасында, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған 21 263 адам Қазақстан Республикасында кірген.