
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Ақмола облысы «қызыл» аймақта орналасқан және жақын уақытта одан шығуы екіталай. Соңғы 7 күнде аурудың 507-ден 836 жағдайға дейін өсуі байқалады. Өткен тәулікте COVID-19-дың 122 жағдайы тіркелді. Жыл басынан бері коронавирустық инфекцияны жұқтырудың барлығы 36 485 зертханалық расталған жағдайы тіркелді.
Эпидемиологиялық тергеу нәтижелері бойынша аймақтағы коронавирусты жұқтырудың негізгі орындары анықталды. Ақмола облысы СЭБД мәліметінше, тізімде көшбасшы орында – 76,2% сауда объектілері, қоғамдық көлік – 20%. Той, мерейтой, түрлі отбасылық іс-шаралар, сондай-ақ ас беру сияқты көп адамдар жиналатын орындарға барған адамдар арасында коронавирусты тіркеу жалғасуда. Мұндай жерлерде инфекцияныжұқтыру 1,3%-ды құрады.
Инфекция жұқтырудың қалған көздері моншалар, сауналар, ХҚКО, банктер және дәріханалар болып табылады.
Коронавирусты жұқтыру ошақтарын анықтауда отбасы мүшелері арасында жұқтыру жағдайлары – 79%, туыстарымен, көршілерімен және достарымен байланыста болған кезінде 15%, ал жұмыс және оқу орны 6%-ды құрады.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір тұрғындарын эпидемиологиялық жағдайға барынша жауапкершілікпен қарауға, карантиндік шектеулер, бетперделік тәртіп және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.