
1 қаңтар мен 17 қазан аралығында ҚР ДСМ өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен мониторингтік топтар 193 456 рейд жүргізді. Тексерулермен барлығы 1 024 283 кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі қамтылды. Жалпы санынан 28 874 нысан бұзушылықтармен анықталды (2,8%).
Карантиндік шараларды сақтаудағы көптеген кемшіліктер ШҚО (5 481), Түркістан облысында (4 600), Алматы қаласында (4 143), Шымкент қаласында (2 541), Қарағанды өңірінде (1 747) және Нұр-Сұлтан қаласында (2 846) анықталды.
Жол берілген негізгі бұзушылықтардың бірі-карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, рұқсат етілмеген бұқаралық іс-шараларды өткізу.
Нәтижесінде 4 189 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 3 858 ұйғарым берілді, 408 материал сотқа берілді, 113 нысанның қызметі тоқтатылды.
Шектеу шараларын, оның ішінде карантиндік шараларды бұзғаны үшін 25 894 шағын және орта бизнес субъектілері жауапкершілікке тартылды. Шаруашылық жүргізуші 15 683 субъектіге және 10 211 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды, құқық бұзушылар тарапынан төленуге жататын санкциялардың жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асады.