Павлодар облысында 7000-ға жуық нысан «Ashyq» жобасына қатысады

Павлодар облысында 7000-ға жуық нысан «Ashyq» жобасына қатысады

               Бүгінгі күні Павлодар облысында «Ashyq» жобасына  бизнес пен әлеуметтік маңызы бар нысан 6716 қатысуда. Жақында тағы 32 нысан бұл тізімді толықтырады, олар әзірше пилоттық  режимде жұмыс істеп жатыр.

               Барлық кәсіпкерлер жоба ережелерін сақтауға тырысады, алайда, бағдарламаға қатысушылар арасында нөлдік чекиндері бар ШОБ нысандары да тіркелген. 29 қыркүйек пен 12 қазан аралығында 2,5 мыңға жуық аудсайдерлер анықталды.

                Мониторингтік топтар тексерген 3068 нысанның «Ashyq» жобасының қатысушылары болған 107-інде шектеу шараларын, оның ішінде карантинді бұзушылықтар анықталды.  Шектеу шараларын  бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 8 000 000 теңгеден астам сомаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 62 хаттама толтырылды. Бұдан басқа, 2 материал сот қарауына жіберілді.

                Өкінішке орай, барлық кәсіпкерлер аймақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдағы жауапкершілік пен маңыздылықты түсіне бермейді, олар өз әрекеттерімен азаматтардың денсаулығына қауіп төндіреді. Бұзушылықтардың негізгілері - адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізу, уақыт режимін бұза отырып жұмыс істеу. Бұған қоса, тұрғындардың өздері де карантиндік режимді жиі бұзады, «қызыл» және «сары» дәрежеге ие бола отырып, сауда үйлеріне, дәмханаларға, «Ashyq» бағдарламасымен жұмыс істейтін мекемелерге жиі барады.  

                Мәселен, 17 қазандағы мәліметке сәйкес,  Павлодар облысы бойынша осындай 330 нысанға 2000 – ға жуық азамат жіберілмеді, оның ішінде «қызыл» мәртебесі бар – 1333, «сары» мәртебесі бар  589 адам. Ең көп құқық бұзушылар Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында  анықталды.

                 Адамдар көп баратын нысандарға жіберілмеген тұрғындармен  оқшаулану шарттарын сақтау  жөнінде түсіндірмелік әңгімелер жүргізілді. Карантин режимін бұзғаны үшін 315 хаттама толтырылып, оның 15-і сотқа жіберілді.         

                Павлодар облысының СЭБД азаматтарды қалыптасқан жағдайға жауапкершілікпен қарап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындай отыра, өзінің және  қоршаған адамдардың денсаулығын  сақтауға шақырады.