
Қостанайлықтар COVID-19-ға қарсы вакциналау науқанына белсенді қатысуда. Өңірде 181 егу пункті мен 31 жылжымалы бригада жұмыс істейді. Коронавирустық індеттен жергілікті халықты иммундау мемлекеттік емханалардан бөлек жылжымалы пункттер де айналысады. Қостанайдың төрт ірі сауда-ойын-сауық орталығының аумағында, сондай-ақ Рудный қаласында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жабдықталған егу кабинеттері ашылған.
Сонымен қатар, өңірде 12 метрлік Yutong автобусының негізінде жабдықталған вакцинациялауға арналған жылжымалы медициналық кешендер бар. Көліктер вакцинаны тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптарды орындауға қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қауіпсіздікке вакцинация жасайтын медицина қызметкерлері кепілдік береді.
Бүгінгі таңда облыста бірінші компонентпен тиісті халықтың 322 936 адамы (63,9 %) егілді, 298 942 адам (59,1%) вакцинациялаудың толық курсын алды.