Ақтөбе облысындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу

Ақтөбе облысындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу

              15 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы «сары» аймақта. Өңірде пандемия басталғалы бері 33 707 коронавирус инфекциясы тіркелді, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер саны – 4 774.

              Мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясы тіркелуінің өсуі 2020 жылдың наурыз айының соңынан бастап, сырқаттанушылықтың өршуі тамыз айында 10 977 жағдай тіркелген болатын. Соңғы аптада КВИ-дің 282 жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда (4-10 қазан аралығы) 149 жағдайға азайғаны байқалады.

Тіркелген жағдайлардың ішінде анықталғаны:

- медициналық көмекке өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен жүгінгендер – 87, 5% (247);

- жақын байланыста болған тұлға ретінде – 6,7% (19);

- профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде – 5,6 % (16);

Ақтөбе облысының СЭБД мамандары инфекцияны жұқтыру қаупі бар орындарын атап өтті:

- сауда үйлері, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, түнгі клубтар, еске алу астары;

- науқастармен үйде қарым-қатынаста болғандар;

- қоғамдық көлік;

- еліміздің басқа өңірлерінен әкеліну жағдайлары.

                 Шектеу шараларының жеңілдетілгеніне байланысты санитариялық дәрігерлер облыс тұрғындарын шектеу карантиндік талаптарын сақтауға шақырады.