Атырау облысындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу

Атырау облысындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу

               2020 жылғы 28 наурыздан бастап 2021 жылғы 10 қазанға дейін өңір бойынша барлығы 50 800 КВИ жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш -7 696,3 құрады. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдер саны - 6 786.

               Осы жылдың басынан бері коронавирустық инфекцияның 40 475 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде қаңтарда – 2 548, ақпанда - 1 089, наурызда - 1 546, сәуірде – 3 219, мамырда – 2 219, маусымда – 1 767, шілдеде – 9 445, тамызда - 12 207, қыркүйекте – 2 808 жағдай, 01-10 қазан аралығында – 408 жағдай.

              Статистикада көрініп тұрғандай, коронавирустық инфекцияны тіркеудің өсуі 2020 жылдың наурыз айының соңынан бастап, сырқаттанушылықтың өршуі тамыз айында байқалды, ол кезде 100,0 тұрғынға шаққанда 1 849,4 сырқаттанушылық көрсеткішімен КВИ-дің 12 мыңнан астам жағдайы тіркелген болатын.

              Соңғы аптада 04-10 қазан аралығында КВИ-дің 279 жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда (27 қыркүйектен 03 қазанға дейін) 1,3 есе азайғаны байқалады.

 Тіркелген жағдайлардың ішінде анықталғаны:

- медициналық көмекке өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 51,6 % (144);

- ошақ бойынша жақын байланыста болған тұлға ретінде 26,5% (74);

- профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде 5,4 % (15) ;

- медициналық скрининг (ауруханаға жатқызу алдында) кезінде  - 16,5% (46);

 Атырау облысының СЭБД қызметкерлері инфекцияны жұқтыру қаупі бар орындарын атап өтті:

- сауда үйлері, базарлар, медициналық ұйымдар, қоғамдық тамақтану объектілері, түнгі клубтар, еске алу астары, мерейтойлар, үйлену тойлары;

- бұрынырақ науқастармен үйде байланыста болғандар;

- қоғамдық көлік;

- жұмыс орны бойынша қызметте және вахталық кенттерде тұру;

- республиканың басқа өңірлерінен әкеліну жағдайлары.