
Күз мезгілі басталысымен 15 қыркүйектен бастап республика көлемінде тұмауға қарсы вакцинация маусымы басталады. Бұл жедел респираторлық аурулар кезеңінде халықтың тұмауға қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыру үшін жасалады.
ДДҰ ұсыныстарына сәйкес тұмауға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың жалпы санының кемінде 10%-ын вакцинациялау қажет.
Шығыс Қазақстан облысында тұмауға қарсы 2021 жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 73 075 дозасы сатып алынды. БМСК деңгейінде тұмауға қарсы иммундау жүргізу үшін 192 егу кабинеттері ұйымдастырылған.
Эпидемиялық маусым басталғалы тұмау жағдайы тіркелген жоқ, бірақ ЖРВИ-дің 5 227 жағдайы тіркелді. ШҚО СЭБД мамандарының айтуынша, ЖРВИ-мен ауыру деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе жоғары. ЖРВИ-мен ауырғандардың жартысы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Вакцинация ақылы және тегін негізде жүргізіледі. 15 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін әзірге 27 214 адам екпе алды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны – 4 851. Жергілікті бюджет есебінен 24 197 адам, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 2 724 адам егілді.
Тіркелген жері бойынша емханада вакцинаны бірінші кезекте жұқтыру қаупі жоғары топтардағы халықтың әлеуметтік қорғалмаған және тұмаудан кейін асқынулар туындауы мүмкін топтағы адамдар тегін ала алады, мысалы:
- медицина қызметкерлері;
- медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар;
- балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті;
- эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жұқтыру қаупі жоғары, созылмалы аурулармен диспансерлік есепте тұратын адамдар жатады.
Медицина қызметкерлері тұмаудың белгілері пайда болған кезде бірден үйге дәрігер шақырту туралы кеңес береді. Үй жағдайында өздігімен ем қабылдау қауіпті. Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмония, отит, гайморит, менингит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады.
Респираторлық инфекциялардың жаппай таралуы кезінде көпшілік жиналатын жерлерге бармауға, көбірек жаяу жүрген абзал. Әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағып, қолды жиі жуып, антисептиктерді қолдану қажет. Күнделікті тамақтану рационына «С» дәруменіне бай көкөністер мен жемістерді қосу қажет.
Тұмаудың және оның асқынуының алдын алудың сенімді әдісі – вакцинация. Тұмауға қарсы вакциналар қауіпсіз және тұмаудың асқынуын алдын алу жолында жоғары тиімділікке ие болып табылады.