«Ashyq» платформасы карантин талаптарын бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді

«Ashyq» платформасы карантин талаптарын бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді

               10 мыңнан астам бизнес нысан Алматы облысындағы «Ashyq» жобасының қатысушылары болып табылады. Бұл ақпараттық платформа дәл осындай мобильді қосымшамен бірге кәсіпкерлерге карантиндік шаралар кезінде өз қызметін жалғастыруға, және ең бастысы - коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. QR-кодты пайдалану және бірыңғай ақпараттық базамен интеграциялау есебінен қосымша келушілердің эпидемиологиялық мәртебесін – вирус тасымалдаушысын немесе байланыста болғанын лезде анықтайды. 

               10 маусым мен 10 қазан аралығында карантиндік-санитариялық нормаларды бұзған 3 746 адам тіркелді, оның ішінде 2 797 адам «қызыл» және 949 адам "сары" мәртебеге ие. «Қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаларға 5 863 170 теңге сомасына 134 айыппұл салынды. Сонымен қатар, COVID-19 науқастарымен байланыста болған азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау талабымен 391 қаулы шығарылды.

               Бүгінгі күні Алматы облысында платформаға 10 081 қатысушы қосылды – бұл коммерциялық объектілер, сондай-ақ мемлекеттік, білім беру және адамдардың жаппай жиналуы байқалатын өзге де мекемелер.  Алматы облысының СЭБД «Ashyq» жобасының міндетті пайдалану шарттарына қарамастан, пайданы қоғамдық қауіпсіздіктен жоғары қоятын жосықсыз қатысушылар бар екенін атап өтті. Санитариялық-карантиндік ережелерді бұзушыларды анықтаумен мониторингтік топтар белсенді айналысады.  Жұмыс басталғаннан бері ШОБ субъектілеріне 6 568 тексеру жүргізілді, 1 108 бұзушы анықталды. Олардың барлығы 2 аптаға «Ashyq» жүйесін пайдаланудан алынып тасталды.