
Шымкент қаласы бойынша 2021 жылдың 9 айында 12 677 жағдай жедел респираторлы вирусты инфекциялары тіркелді, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен (9769 жағдай) аурушаңдықтың 27,19%-ға өскен. Ауырғандардың басым көпшілігін 14 жасқа дейінгі балалар құрады (76,5 %). Ағымдағы жылы тұмау аурушаңдығы тіркелмеген.
Қала бойынша ағымдағы жылы тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинациялауға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, ресейлік "Гриппол плюс" вакцинасының 130 000 дозасы сатып алынды. Тегін иммунизацияға жататындар: медицина қызметкерлері, балалар, әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілері, медициналық-әлеуметтік ұйымдардың қызмет алушылары, жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, емханаларда созылмалы аурулармен диспансерлік есепте тұрған адамдар.
Бүгінгі күні қала бойынша тұмауға қарсы вакцинациялаумен 612 84 адам (47,17%) қамтылды, оның ішінде 14 114-балалар, 47 170-ересектер, 9 136-медицина қызметкерлері, 2 493-жүкті әйелдер.
Аудандар бойынша қамтылуы: Абай ауданында егілгендер 20 251 (46,95%) , Әл-Фараби ауданында 13 687 (61,69%), Еңбекші ауданында 14 330 (48,71%), Қаратау ауданында 13 016 (36,91%) адам.
Тұмаудың алдын алу барысында тұрғындар арасында санитарлық-түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.