
2021 жылдың 7 қазанында Жамбыл облысында "Шекара-Антитеррор-2021" облыстық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Аталған іс-шара Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен елге аса қауіпті инфекциялардың әкеліну жағдайларының алдын алуға, сондай-ақ шекарада санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жөнінде болды.
Оқу-жаттығу барысында COVID-19, шешек, полиомиелит, SARS, тырысқақ, оба, менингококк инфекциясы, Ласса, Марбург, Эбола, Батыс Ніл, Денге, Рифт-Валли қызбасы және елге сырттан енуі мүмкін басқа да қауіпті инфекциялар сияқты ауруларды анықтауға ерекше назар аударылды.
Департамент мамандары шекаралық бақылау қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп, инфекциялардың әкелінуінің алдын алу шеңберінде мамандандырылған іс-шаралар кешенін өткізді. Олардың ішінде: санитарлық-карантиндік пункттің жұмысы, эпидемиологиялық анамнез жинаумен сүзгіні ұйымдастыру, дене қызуды өлшеу, инфекциялық науқастарды анықтау, оларды оқшаулау және ауруханаға жатқызу, тамақтандыруды және сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезінде гигиеналық қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылау, келетін адамдар арасында санитариялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
"Шекара-Антитеррор-2021" оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша Департаменттің аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Күмісбек Рахимов Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.