«Ashyq» жобасының көшбасшылары мен аутсайдерлерін не күтіп тұр

«Ashyq» жобасының көшбасшылары мен аутсайдерлерін не күтіп тұр

              Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасына 13 363 қатысушы тіркелген. Олардың ішінде кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау объектілері, өнеркәсіптік, коммуналдық кәсіпорындар және т.б. Оның ішінде, «Ashyq көшбасшыларының» қатарына 294 субъект кіреді.

               «Ashyq көшбасшысы» мәртебесін әкімдік қалыптастырады. Оларды екі апталық кезеңдегі QR-код (check-in) бойынша келушілердің тіркеу санына қарап іріктейді. Көшбасшы атанған жоба қатысушысы «сары» аймақтың шарттары бойынша «қызыл» аймақта, «жасыл» аймақтың шарттары бойынша «сары» аймақта жұмыс істей алатынын еске саламыз. «Жасыл» және «қою қызыл» аймақтардағы жоба қатысушыларына жұмыс тәртібі қосымша екі сағатқа ұзартылады, сондай-ақ объектінің толтырылуы 10% - ға артады. Персоналдың кемінде 90% - ы бірінші компонентпен вакцинацияланған кезде объектінің толтырылуы 20% - ға артады.

                Егер мониторингтік топ санитарлық-карантиндік талаптарды бұзу фактілерін тіркесе немесе чек-инелердің саны 2 апта ішінде QR-код бойынша келушілерді 0-ден 20-ға дейін ғана тіркеуді құраса, «Ashyq» жобасының көшбасшысы және жобаға қатысушы мәртебесінен айырылады. Осылайша, анықталған бұзушылықтар бойынша 31.08 – ден 13.09-ға дейін жүйеден 3 212 аутсайдер алып тасталды. Жобаға қатысушы алдымен жобадан 1 апта мерзімге, қайталап бұзған жағдайда - 2 апта, үшінші бұзған жағдайда - 1 ай мерзімге шығарылады.

                Елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз және қала «қызыл» аймақта орналасқанын ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының СЭБД қала тұрғындары мен қонақтарына, ШОБ субъектілеріне барлық санитарлық нормалар мен шектеу шараларын сақтауды ұсынады.