
"ASHYQ" жүйесінде QR-кодты сканерлеу нәтижелері бойынша 10 маусым мен 06 қазан аралығында 2 372 «қызыл статус» иесі анықталды. Олардың барлығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалпы сомасы 112 млн теңгені құрады. «Сары статус» анықталып қарым-қатынаста болған 802 адамдарға оқшаулау туралы ескерту берілді. Ашық дереккөздерде карантин бұзғандардың аты-жөні жарияланды. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылардың көпшілігі қоғамдық тамақтану орындарында, сауда және ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, базарларда, дүкендерде, әуежайларда және фитнес-орталықтарда кездеседі.
Алматыда «ASHYQ» жобасымен барлығы 9170 қатысушы жұмыс істейді. Сондай-ақ, оның 500 нысаны «Ashyq» жобасының көшбасшылары екенін айтты. Жетекші кәсіпорындар уақытша үлкен артықшылықтармен жұмыс істейді. Алайда, егер жеткілікті келушілер саны тіркелмесе, бұл мәртебеден айырылу оңай. Алдымен мәртебе бір аптаға, қайталап бұзылған жағдайда - екі аптаға, ал үшінші бұзушылықпен - бір айға тоқтатылады.
Сондай-ақ, Алматы қаласында санитариялық-карантиндік нормаларды бұзушыларды мониторингтік топтар анықтайды. 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап тексерулермен 41608 кәсіпкерлік нысандар қамтылды, 3978 (9,6%) карантиндік шаралар бұзған нысан анықталды. 6203 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға 241,1 млн.теңге көлемінде 690 хаттама, бетперде режимін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты 242,6 млн. теңге сомасына 5513 хаттама толтырылды.
Қасақана бұзушыларға қатысты сотқа 78 материал берілді, 44 нысанның жұмысы тоқтатылды. Тамыз айынан бастап тексерістер күндізгі және түнгі болып бөлінді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктерде мониторинг жүргізіледі. Тексерушілер бетперде режимін сақтамайтын жүргізушілер мен жолаушыларды анықтайды.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларын санитариялық нормалар мен карантин режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады. Ал азаматтарды адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуға, вакцинация туралы мәселені кейінге қалдырмауға шақырады.