
1 қаңтар мен 5 қазан аралығында ҚР ДСМ өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен мониторингтік топтар 186 390 рейд жүргізді. Тексерулермен барлығы 997 892 кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі қамтылды. Жалпы санынан 27 113 нысан бұзушылықтармен анықталды (2,7%).
Карантиндік шараларды сақтаудағы көптеген кемшіліктер ШҚО (5 396), Түркістан облысында (4 493), Алматы қаласында (3988), Шымкент қаласында (2 490), Қарағанды өңірінде (1 702) және Нұр-Сұлтан қаласында (1 633) анықталды.
Жол берілген негізгі бұзушылықтардың бірі-карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, рұқсат етілмеген бұқаралық іс-шараларды өткізу.
Нәтижесінде 4 123 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 3 797 ұйғарым берілді, 395 материал сотқа берілді, 113 нысанның қызметі тоқтатылды.
Шектеу шараларын, оның ішінде карантиндік шараларды бұзғаны үшін 25 328 шағын және орта бизнес субъектілері жауапкершілікке тартылды. Шаруашылық жүргізуші 15 375 субъектіге және 10 003 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды, құқық бұзушылар тарапынан төленуге жататын санкциялардың жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асады.