Ақмола облысында карантин режимін бұзғандарға 22 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Ақмола облысында карантин режимін бұзғандарға 22 млн теңгеден астам айыппұл салынды

             Шілде айынан бастап «Ashyq» бағдарламасының көмегімен анықталған үй оқшаулау режимінің бұзылу фактілері үшін Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаларға қатысты 452 хаттама жасады. Бұл бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жауапкершілікті көздейді. Жалпы алғанда, жалпы және қысқартылған өндіріс тәртібінде 22 121 809 теңге сомасына айыппұл салынды.

              «Ashyq» жобасы енгізілгеннен бері үй карантинін бұзған 1915 келуші анықталды. Олардың 1426-ы «қызыл» мәртебеге (жұқтырғандар), 489-ы «сары» мәртебеге ие (байланыста болғандар).

               Карантин талаптарын бұзушылардың ең көбі Көкшетау қаласында тіркелген-458 адам. Бурабай ауданында 338, Целиноград ауданында 213 бұзушы ұсталды.

               Облыстық карантинді бұзғандардан басқа, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларының және «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар басқа облыстардың тұрғындары туристік нысандар мен түрлі мекемелерге баруға тырысқан фактілерді анықтау жалғасуда. Ең көп жағдай Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданында тіркелген.

               Өңірде «Ashyq» жобасы бойынша 4527 қатысушы жұмыс істейді. Ең аз немесе нөлдік көрсеткіштер үшін жобадан 212 жосықсыз қатысушы алынып тасталды.

                СЭБД-нің санитариялық дәрігерлері амбулаториялық емдеудегі облыс және Көкшетау тұрғындарын оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады. COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдар да карантинді сақтауы және адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуы керек.