Түркістан облысында халықаралық шекаралық өткелдер қатаң бақылауда

Түркістан облысында халықаралық шекаралық өткелдер қатаң бақылауда

               Түркістан облысының территориясында Өзбекстан Республикасымен шектесетін 5 шекара бекеті орналасқан. "Қонысбаев", "Қапланбек", "Жібек жолы", "Қазығұрт" және "Атамекен"пункттерінен күніне мыңнан астам жүргізушілер мен жолаушылар өтеді.

                ҚР Бас санитарлық дәрігерінің "Коронавирустық инфекция ауруының алдын алу бойынша шараларды одан әрі күшейту туралы" қолданыстағы қаулыларына сәйкес, транзитпен және жүк тасымалдаумен айналысатын азаматтарға ПТР-тест анықтамасы немесе вакцинация паспорты болмаған жағдайда ҚР-ға кіруге тыйым салынады.

               Қазіргі уақытта шекаралық бақылаудан өту кезінде Қазақстанда Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова және Түркия азаматтарының паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды.

               Жыл басынан Түркістан облысының халықаралық 5 шекара бекетінен 167 490 жолаушы, 117 798 жүк көлігі мен автобус жүргізушілері өтті. 50 848 азаматтан ПТР-тест алынып, нәтижесінде 121 жолаушы мен 35 жүргізушіде COVID-19 инфекциясы анықталды.

               Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен ҰҚК шекаралық бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірге ҚР БМСД қаулысында көрсетілген талаптарды және кеден бекеттеріндегі сақтық шаралары бойынша жұмыстар күшейтілген.