
Атырау облысы бойынша 26 сәуір мен 02 қазан аралығында "Ashyq" жобасына 8 524 кәсіпкерлік нысаны қосылып, QR-код алды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шеңберінде осы жүйені ШОБ объектілерінде, мемлекеттік мекемелер мен білім беру жүйесінде енгізу жалғасуда.
Айта кету керек, COVID-19 анықталған тұрғындарға және олармен жақын қарым-қатынаста болған тұлғаларға 14 күндік өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау туралы ақпарат хабарланып тұрғанына қарамастан, "Ashyq" ақпараттық жүйесіне карантин ережелерін бұзушылар үнемі тіркеліп отыр. 11.06.2021ж бастап "Ashyq" жобасымен жұмыс жасап жатырған қоғамдық орындарда «қызыл» мәртебемен анықталған 154 келушілерге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабының 1-тармағына сәйкес 6 млн 738 мың 270 тенге айыппұл салынды.
«Сары» мәртебемен анықталған тұлғаларға оқшаулау қажеттілігі талаптарымен 1 314 қаулы шығарылып берілді, сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тәртіп бұзушылар қоғамдық тамақтану объектілеріне, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, әуежайларға, теміржол және автовокзалдарға және басқа да жаппай бару объектілеріне кіруге әрекет жасаған кезде анықталып отыр.
Ағымдағы жылдың қазан айының 2 күніне мониторингтік топтармен 9162 нысан тексеріспен қамтылды. Кәсіпкерлік объектілері келушілерді мүлдем тіркемегеніне байланысты 2 аптаға «Ashyq» жобасынан шығарылып отыр. Олардың ішінде барлығы 2 845 ШОБ обьектілері бар.