
Шығыс Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері оффлайн режимде оқып жүрген мектеп жасындағы балалар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 384 жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда 96 мектепте 169 сынып қашықтықтан оқыту форматына ауысып, оқу процесін жалғастыруда, карантинге жабылған мектептер жоқ. Шығыс Қазақстан облысында 647 жалпы білім беретін мектеп бар.
COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл мектептерде оқу процесі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды және күшейтілген медициналық бақылауды сақтай отырып ұйымдастырылуда. ШҚО СЭБД мамандары жалпы білім беретін мектептерде окитын балалардың жағдайын күнделікті мониторинг жасау арқылы қадағалайды. Мұғалімдер, оқушылар мен қызметкерлер арасында сырқаттанушылыққа күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Бүгінгі күні өзін-өзі оқшаулау жағдайлары мен шектеу талаптарын қатаң сақтай отырып, инфекцияның таралу тізбегін бұзуға мүмкіндік беретін алдын-алу және профилактикалық тиімді әрекеттер мен шаралар бойынша жұмысты жалғастыру барлығымыз үшін өте маңызды.