Алматы облысының 660 930 тұрғыны КВИ-ге қарсы егілді, 60 мыңға жуық адам тұмауға қарсы вакцина алды

Алматы облысының 660 930 тұрғыны КВИ-ге қарсы егілді, 60 мыңға жуық адам тұмауға қарсы вакцина алды

               Бүгінгі таңда вирустық инфекцияларға қарсы маусымдық иммундаумен 57 626 азамат қамтылды. Тұмауға қарсы вакцинаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен басым топтар қатарында айқындалған азаматтар алады. Облыс бойынша тұмауға қарсы иммундау жүргізу үшін 530 егу бөлмесі ұйымдастырылды.

              Облыс өңірлері арасындағы егу жұмыстарына келетін болсақ, Ақсу ауданында 2 765 адам, Алакөл ауданында – 2 770, Балқаш ауданында – 1 524, Еңбекшіқазақ ауданында – 7 655, Ескелді ауданында – 1 171, Жамбыл ауданында – 1 653, Іле ауданында - 10 880, Қарасай ауданында – 7 989, Қаратал ауданында – 1 477, Кеген ауданында – 1 595, Кербұлақ ауданында – 1 843, Көксу ауданында – 1 268 адам вакцинацияланды, Панфилов ауданында – 893, Райымбек ауданында – 717, Сарқант ауданында – 1 373, Талғар ауданында – 3 652 және Ұйғыр ауданында-1 232 адам. Қапшағай қаласында – 2 387, Талдықорған қаласында – 3 743 және Текелі қаласында-1 039 адам.

             Облыстың Ескелді, Жамбыл, Қарасай, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Талғар аудандарында және Талдықорған қаласында профилактикалық егулердің төмен көрсеткіштеріне СЭК басқармасы аса назар аударуда.

              Вакцинациялауға міндетті қауіп топтарын қамту бойынша келесі көрсеткіштер анықталды:

- 13 381 (56,2 %) медицина қызметкері;

- Жоспарланған 47 66 балалар үйлері мен интернаттар тәрбиеленушілерінің 1 205-і ғана егілді (25,2%);

- Қарттар мен мүгедектер үйлерінің 1 338 тұрғынының 577-сі (43,1 %)егілді;

- Диспансерлік есепте тұрған пациенттер - 17 590 (38,7%);

- Иммундаумен 2 137 жүкті әйел қамтылды;

- 8 481 (27,5 %) мектеп оқушылары егілді.

              Өңірдің стационарларында ЖРВИ және тұмаудың ауыр түрлерімен ауыратын науқастарды емдеу үшін 375 төсек-орын қарастырылған, оның ішінде жұқпалы ауруларға 142 төсек-орын бөлінген. Тұмауға қарсы негізгі препараттар мен құралдардың (вирусқа қарсы препараттар, оксолинді жақпа, қызуды басатын дәрілер, иммуномодуляциялайтын препараттар, витаминдер мен минералдар) қоры құрылды.

             Маусымдық вакцинациямен қатар коронавирусқа қарсы иммундау науқаны жалғасуда. 1 Қазанда вакцинаның бірінші компонентін 755 717 адам (69 %) алды, облыс тұрғындарының 660 930 (60 %) вакцинациялау курсын аяқтады.