
Нұр-Сұлтан қаласында "Ashyq" жобасына 13 192 қатысушы тіркелген. Олардың қатарында кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау объектілері, өнеркәсіптік, коммуналдық кәсіпорындар және т. б. бар.
"Ashyq" жобасы енгізілген сәттен бастап, яғни 11 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін объектілерде карантин шарттарын қасақана бұзған 21 527 келуші анықталды. Олардың ішінде "қызыл" мәртебесі бар 15 985 келуші және "сары" мәртебесі бар 5 542 келуші, яғни байланыста болған адамдар. Нұр-Сұлтан қаласының СЭБД мамандары күн сайын мониторингтік топтар карантин режимін бұзу және бизнес объектілерінің шектеу шараларын сақтауға жосықсыз қатынастары тіркелетінін, бұл үшін жеке тұлғаларға қатысты 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтті.
ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жалпы сомасы 1 855 212 теңгеге әкімшілік санкциялар қолданылды. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз және қала "қызыл" аймақта орналасқанын ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына, шағын-орта бизнес субъектілеріне барлық санитарлық нормалар мен шектеу шараларын сақтауды ұсынады.