
Қарағанды облысының тұрғындарына қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың бірнеше түрі қолжетімді- отандық ғалымдар жасаған «Qazvac» препараты, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығарылған ресейлік «Спутник-V» вакцинасы және қытайлық Sinopharm фармацевтикалық концернімен жеткізілетін «Vero cell» вакцинасы.
Қарағанды облысы бойынша бүгінгі күні екпенің бірінші компонентін – 520 078 адам, екінші компонентті аймақтың – 460 242 тұрғыны алды.
Қарағанды облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды вакцинация туралы саналы шешім қабылдауға шақырады - тек дұрыс таңдау арқылы сіз өзіңізді, жақындарыңызды қорғап, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға үлес қоса аласыз.