Шымкент қаласында «ASHYQ» жүйесі бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде

Шымкент қаласында «ASHYQ»  жүйесі бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде

                Шымкент қаласында  коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. ҚР өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Шымкент қаласы бүгінгі күні «сары» аймақта тұр.

​               «Ashyq» платформасы іске қосылғалы бері мегаполисте 8294-ге бизнес субьектісі тіркеліп, осы жоба аясында жұмыс жасауда. 

                Инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдарды сәйкестендіру бағдарламасы, адамдар көп шоғырланатын жерлерде инфекцияның ықтимал көздерін анықтауға және тоқтатуға мүмкіндік береді. Егер «теріс» статусы бар тұлға кіруге әрекет етсе, карантин бұзушылар туралы мәліметтер Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданады.

                «Қызыл» статуспен анықталған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК 425 бабы, 1 тармағына сай 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

                 Ал «сары» статуспен анықталған тұлғаларға үй карантині режимін сақтау керектігі туралы қаулы шығарылады, «сары» статус иелері үй карантині режимін қайталап бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Бүгінгі күні Шымкент қаласындағы «Ashyq» жобасына қатысушы нысандарда үй карантині режимін бұзған 2009 адам анықталды. Олардың 1451  «қызыл» және 558 «сары» статуспен анықталған тұлғалар:

- Абай ауданында - 223 - «қызыл», 118 - «сары»;

- Әл-Фараби ауданында - 173 - «қызыл», 98 - «сары»;

- Еңбекші ауданында - 626 - «қызыл», 212 - «сары»;

- Қаратау ауданында - 429 - «қызыл», 130 - «сары» статуспен анықталған.

               Үй карантин режимін бұзған 475 жеке тұлғаларға барлығы 20 505 190 теңгеге айыппұл салынды.

               Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті COVID -19 инфекциясы бойынша ПТР-тестінің нәтижесі оң болған азаматтарды және олармен байланыста болған тұрғындарды 14 күндік үй карантині режимін сақтауға шақырады!