Павлодар облысынан COVID-19 кері шегінуде

Павлодар облысынан COVID-19 кері шегінуде

              Соңғы тәулікте Павлодар облысында COVID-19 бойынша 164 жағдай тіркелді. Өңірде барлығы 45 931 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 37 011 - симптомдары бар және 8 920 - симптомдары жоқ. Айта кету керек, 25 163 жағдай немесе індеттің 54,7% - Павлодар қаласына тиесілі. Басқа өңірлерден келген індеттің 295 жағдайы тіркелді.

               11 441 жағдай немесе 25,0% байланыста болған адамдар арасында тіркелген, 30 644 жағдай немесе ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар арасында өзін-өзі емдеу бойынша 66%, профилактикалық мақсатта медициналық ұйымдарға жүгінгендер арасында 3 551 жағдай немесе 7,7% анықталған.

               Эпидемиологтар өңірде сырқаттанушылықтың күнделікті тіркелуінің төмендеуін байқап отыр. COVID-19 бойынша  апталық өсім 13 қыркүйектен 19 қыркүйекке дейін – 3,18 (1 378 жағдай), 20 қыркүйектен 26 қыркүйекке дейін 2,85 (1 275 жағдай) құрады.

               Павлодар облысының вирусологиялық зертханалары пандемия басталғалы 722 760 ПТР тест өткізді,оның ішінде өткен тәулікте-1 388 зерттеу.