Вакцинация – тұмаудан қорғанудың тиімді әдісі

Вакцинация – тұмаудан қорғанудың тиімді әдісі

              Қарағанды облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті жіті респираторлық вирустық инфекция және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиялық маусымның басталуына байланысты азаматтарды өзінің денсаулығын ертерек ойлауға шақырады. Жыл сайын эпидемиялық маусым алдында  өткізілетін вакцинация науқаны- тұмауды алдын алудың бірегей тиімді әдісі болып табылады.

               Респираторлық вирусты инфекциялардың және тұмаудың ерекшелігі аурудың жоғары жұқпалылығы және халық, өндірістік ұжымдар арасында тез таралуы болып отыр. Аурудың салдары - пневмония, бронхит, жүректің, бүйрек, бас миының асқынуларымен өте қауіпті.

               COVID-19 пандемиясы жағдайында респираторлық инфекциялар иммунитеттің асқынуына, өлім-жітім жағдайларына да әкелуі мүмкін.

               Биылғы жылы жергілікті бюджет қаражатынан халықтың неғұрлым осал топтарын вакцинамен қамту үшін 200 000 доза көлемінде Ресейде өндірілген "Гриппол" тұмауға қарсы вакцинасы сатып алынды. Бұл тәуекел тобына диспансерлік есепке алынған балалар, балалар үйі мен интернаттардың тәрбиеленушілері, жүрек-қан тамыры  және тыныс  алу жүйесінің созылмалы аурулары бар науқастар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер жатады.

               Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті атап өткендей, уақытылы жүргізілген вакциналау ғана еңбек ұжымдарындағы аурудың таралу қаупін азайтады. Аталған санаттағы адамдарды иммундау жұмыс берушілер есебінен жүргізіледі. Вакцинаны уақытылы алу қызметкерлермен ауруға шалдығып жұмысты босатқан күндерін азайтуға мүмкіндік береді.

               Ал, ақысыз екпе алатындар санатына жатпайтын адамдар мамандандырылған иммундау орталықтарында өз қаражаты есебінен екпе ала алады.