Вакцинация және алдын - алу-өзіңізді маусымдық инфекциялардан қорғаудың негізгі әдісі

Вакцинация және алдын - алу-өзіңізді маусымдық инфекциялардан қорғаудың негізгі әдісі

              Тұмау-бұл ауа тамшылары немесе қарым-қатынас арқылы берілетін вирустық инфекция. Тұмаудың эпидемиологиялық маусымы әдетте күзде басталады, аурушаңдық желтоқсан айынан белең алып сәуір айымен қоса алғанда жалғасады. 

               Ауру жедел басталуымен сипатталады, бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 ºС дейін көтеріледі, бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, буындар мен бұлшықеттердің қысылуымен сезіледі.

               Тұмау еңбекке қабілеттілікті едәуір төмендетеді және асқынулармен өте қауіпті (орталық жүйке, жүрек-тамыр жүйесінің зақымдануы, пневмония), ал кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Коронавирустық инфекцияның пандемиясы жағдайында тұмауға қарсы вакцина алу аурудың жаппай таралуын болдырмау үшін өте маңызды. 

                2021 жылдың алғашқы 8 айында Ақтөбе облысы бойынша ЖРВИ-дің 9 801 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3 869 жағдай. Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.

                Ақтөбе облысы тұрғындарын тұмауға қарсы вакцинакиялау үшін жергілікті бюджет қаражатынан "Гриппол +"вакцинасының 108 000 дозасын сатып алуға 105 985 800 теңге бөлінді. 15 қыркүйектен бастап қауіпті топтарға және тегін вакцинациялау қатарына жататын 3 985 адам егілді. Тұмауға қарсы екпені тегін негізде барлық қалалық және аудандық емханалардан алуға болады. Ақылы вакцинация жеке егу пункттерінде жүргізіледі.

 Тұмауға қарсы негізгі алдын-алу шаралары:

- Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз, алғашқы белгілер байқалған сәтте, дәрігерді үйге шақыру керек;

- Қоғамдық орындарда масканы пайдалану қажет;

- Таза ауада үнемі серуендеу қажет, бұл тыныс алуды реттеуге, қан айналымын жақсартуға көмектеседі;

- Жеке гигиенаны сақтаңыз, қолыңызды сабынмен және дезинфекциялық ерітіндімен жиі жуып тұрыңыз;

- Тұрғын үй мен жұмыс орнын желдетуді ұмытпаңыз;

- С дәрумені бар тағамдарды (лимон, бал, таңқурай және т. б.) пайдаланыңыз;

- Үнемі физикалық жаттығулармен айналысыңыз.