Елорда тұрғындарының 64% - дан астамы КВИ-ге қарсы екпе алды

Елорда тұрғындарының 64% - дан астамы КВИ-ге қарсы екпе алды

             Нұр-Сұлтанда иммундауға жататын халықтың 430 000-ға жуық азаматы коронавирусқа қарсы бірінші компонентпен екпе алды. Оқу жылы басталғалы вакцинацияланғандардың қатарын оқушылардың ата-аналары жиі толықтыра бастады.

             Емханалар мен медициналық мекемелерден басқа, жаппай баратын орындарда 5 вакцинация пункті бар: "Керуен", "Хан Шатыр", "Азия Парк", "Абу Даби Плаза" СОО және "Евразия" СО. Барлық егу пункттерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары бар. Вакцинацияның уақытша пункттері вакцинацияны қажет ететін көптеген тұрғындарды қамту кезінде маңызды рөл атқаруда. Қазір COVID-19-ға қарсы вакцинацияны 84 егу пунктінде жасауға болады. Бұдан басқа, еңбек ұжымдары әкімшілігінің өтінімдері бойынша көшпелі бригадалар жұмыс істейді.

              Мәселен, 23 қыркүйектегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда бірінші компонентпен – 429 332 адам (64,1%), екінші компонентпен – 379 422 адам (56,6 %) егілді.

              Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті күздің басталуымен маусымдық жұқпалы аурулардың саны артып келе жатқанын ескертеді, сондықтан өзіңізді қорғау үшін инфекцияға қарсы вакцинация алу  өте маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, басқа жұқпалы аурулар мыңдаған адамның өмірін қиған коронавирус сияқты қауіпті емес.

              Тек вакцинация арқылы денсаулықты қорғауға және пандемияны жеңуге мүмкіндік беретін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға болады.