
Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нарықтағы өнімдерге мониторинг жүргізеді. Мониторинг мақсаты өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін, жалпы деңгейін арттыру, сондай – ақ техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін заң бұзушылықтарды анықтау болып табылады.
Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, мониторинг шеңберінде 1 763 өнім үлгісі іріктелді, оның ішінде 404 өнім – отандық өндірушілердің тауары, 926-сы ЕАЭО мүше мемлекеттердің өнімі, 433-і басқа елдерден алынған болатын.
Мониторинг нәтижесі бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін 283 үлгі (16%) анықталды, олардың ішінде 50 (17,6 %) отандық өндірушілерден, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 51 (18%), басқа елдерден – 182 (64 %). Сәйкес келмейтін сынамалардың ең көп пайызы балаларға арналған тауарлар – 30 %, балалар ойыншықтары– 28 %, ет және ет өнімдері– 7 %, құс еті – 6,3 %, сүт және ақ өнімдеріне – 5% тиесілі болды.
Балаларға қауіпті ойыншықтар облыстың 5 дүкендерінде табылды. Тауарларда зиянды химиялық заттардың нормаларынан асып түсті. Негізгі кемшіліктер (92 %) өнімнің таңбалануын сақтамаудан анықталды. Атап айтқанда: мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы, мемлекеттік тілге дұрыс аударылмауы, сақтау шарттары туралы ақпараттың болмауы, Қазақстан Республикасындағы импорттаушының атауы мен мекенжайының болмауы.
Мониторинг барысында кәсіпкерлік субъектілеріне анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылданады. Сонымен қатар, сапа стандарттарына сәйкес келмейтін өнімдер сатылымнан алынатын болады. 22,30 кг азық – түлік (балық және балық өнімдері – 12,30 кг, құс еті және қосымша өнімдер – 5 кг, кондитерлік өнімдер-5 кг) тәркіленді.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің атына 81 нұсқама берілді.
Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті техникалық регламенттердің заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында өндірушілерді өнімді техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес таңбалау кезіндегі талаптарды сақтауға, сондай-ақ өткізу кезінде өнімді бақылау құжаттарымен қамтамасыз етуге шақырады.